Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.10.05 № 600 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 және «Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау және мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 600 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат):

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) концессиялық ұсыныстардың сараптамасы;»;

2) «Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау және мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 57-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидасында:

3-тармақта:

3) тармақшадағы «құжат.»деген сөз «құжат;»деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

«4) республикалық жоба - «Концессия туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку