Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына 4-қосымша) (2019.13.02. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2019.13.02. № 924 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 14 сәуірдегі

№ 341 бұйрығына

4-қосымша

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 280 бұйрығымен күші жойылды

 

«Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.13.02. берілген толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап ‒ 2 жұмыс күні;

қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;

бір көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку