Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 тамыздағы № 659 Қаулысы (2016.25.10. берілген өзгерістермен)

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 тамыздағы № 659 Қаулысы

(2016.25.10. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - 1-қоғам) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жәрдемдесу 1-қоғам қызметінің негізгі түрі болып айқындалсын.

3. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - 2-қоғам) қайта құру жолымен;

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - 3-қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

4. ҚР Үкіметінің 2016.25.10. № 616 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 1-қоғамның жарғылық капиталын:

1) «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының жүз пайыз акцияларын беру;

2) 2, 3-қоғамдардың жүз пайыз акцияларын беру;

3) ҚР Үкіметінің 2016.25.10. № 616 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции