(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ФИЛЬМГЕ ПРОКАТТАУ КУӘЛІГІН БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТ...
Осы редакция 2017 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 191 бұйрығына
1-қосымша
«Фильмге прокаттау куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметін көрсету Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - қызмет беруші) тарапынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітіліп, нормативті-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10238 тіркелген «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес жасалады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) қызмет берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz электрондық үкіметінің веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы іске асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету формасы: электрондық (ішінара автоматтандырылған)
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі фильмге прокаттау куәлігі (бұдан әрі - прокаттау куәлігі) немесе стандарттың 10-тармағында қарастырылған негіздемелер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру формасы - электрондық.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекет) басталуына стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әр үрдісіне жататын рәсімнің (әрекет) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды қызмет беруші арқылы 30 (отыз) минут ішінде қабылдау және тіркеу (құжаттар сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі).
Редакция документа
Демо – версия документа