«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 196-НҚ бұйрығы
«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 196-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлік құралы;
2) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
3) ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы - сатушылар, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды-сатуды ұйымдастыру мақсатында олар туралы жарнамалық (ақпараттық) мәліметтері қамтитын интернет-ресурс;
4) арзандатылған тауар - кемшілігі болуға не кемшілігін жоюға байланысты төмендетілген бағамен сатылатын тауар;
5) асхана - тұтынушылар өзіне өзі қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектісі;
6) аутлет орталық - бірыңғай тауар белгісімен немесе маркасымен айналымға шығарылған өнімдер шығарылымының алдыңғы маусымынан азық-түлік емес тауарлар тобын (киім-кешек, аяқ киім, аксессуарлар және басқалар) елеулі жеңілдіктермен (жиырмадан тоқсан пайызға дейін) сатуды жүзеге асыратын сауда объектісі;
7) әмбебап сауда базары - әртүрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда орындары бар сауда базары;
8) әкімшілік аймақ - әкімшілік үй-жайлар кешені орналасқан аймақ;
9) баға - тауар құнының ақшалай мәні;
Демо – версия документа