(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТ...
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 13 желтоқсандағы № 267-ІІ Заңы
(2012.19.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелердің құқықтық негіздерін айқындайды.
1-бап. Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелер
Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.
Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.
Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.
Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
Редакция документа
Демо – версия документа