«Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 185 бұйрығы
«Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 185 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 3-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабы 1-тармағының 3-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайды.»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жайылымдар - ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға жол беріледі;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) көпшілік пайдаланатын жайылымдар - елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекет меншігіндегі, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын жаю бойынша жергілікті халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдар;»;
Демо – версия документа