«Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 18 тамыздағы № 687 бұйрығы
«Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 18 тамыздағы № 687 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 396 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің» 15-тармағы 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. КТІ УПИ аумақтық ІІО-ның кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі өкілдері болып табылады, олар өз құзыреті шегінде міндеттерді орындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әкімшілік учаске – қалалық, аудандық ішкі істер органы (бұдан әрі - қалалық, аудандық орган) бастығының (оның міндетін атқаратын адам) бұйрығымен КТІ УПИ бекітілетін қалалық немесе ауылдық жердің аумағы. Әкімшілік учаске шекарасының өлшемдерін қалалық, аудандық орган бастығы айқындайды.
Демо – версия документа