Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мин. 2015 жылғы 30 қарашадағы № 910 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 30 қарашадағы

№ 910 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны

 стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы стандарт көру қабілетінен толық айырылған мүгедекке арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.

3. Осы стандартта мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:

тифлокешен - көзі нашар көретін және көрмейтін пайдаланушылар үшін арнайы жабдықпен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандырылған компьютер, сондай-ақ брайль пернетақталары.

 

 

2. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орнына қойылатын талаптар

 

4. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны негізгі эргономиялық талаптарға жауап беретін басты және қосалқы жабдықты қамтиды.

5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жеке талаптары мен шектеулерін ескеру қажет.

6. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер:

мүгедектің соқырлығынан туындаған оның физиологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар;

көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің ерекшеліктері ескеріле отырып арнайы әзірленген бедерлі қаріпті қамтамасыз ету;

көру қабілетінен толық айырылған мүгедек организмінің ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс кезінде пайдаланылатын материалдар, құралдар тифлокешенді басқарудың негізгі элементтері жұмыс аймағының шегінде болады;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку