«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 934 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 934 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Селденқорғау құрылыс» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Селденқорғау құрылыс» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - «Селденқорғау құрылыс» ШЖҚ РМК) болып;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - «Резерв» ШЖҚ РМК) болып өзгертілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «Селденқорғау құрылыс» ШЖҚ РМК қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» ШЖҚ РМК қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Демо – версия документа