Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 750 бұйрығы

 «Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 750 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10753 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларында:

9-тармақ алып тасталсын;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Сату жоспарын жасау кезінде сату объектілерінің бастапқы бағасын сатушы теңгерімдік құны не бағалау құнының жетпіс бес пайызы деңгейінде белгілейді.

Дебиторлық берешек электрондық аукционға оның номиналды мәні мөлшерінде бастапқы бағамен шығарылады.»;

13-тармақ алып тасталсын;

14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Мүлікті электрондық аукционға қайта шығарған кезде сатушы кредиторлар комитетінің келісімімен лоттың бастапқы бағасын алғашқы бастапқы бағасынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетеді. Алғашқы бастапқы бағаны төмендету бір рет қана рұқсат етіледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку