«Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1132 бұйрығы
«Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1132 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Энергия аудитін жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Энергия аудиті 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және Заңға сәйкес жасалған шарт негізінде жүгінген тұлғаның (тапсырыс берушінің) қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Шартты жасағанға дейін тұлға (тапсырыс беруші) энергия аудитін жүргізуге техникалық тапсырманы береді. Қызмет көрсетуді аяқтағаннвң кейін жүгінген тұлға (тапсырыс беруші) энергия аудиті бойынша көрсетілген қызметті тиісті акті бойынша қабылдайды.»;
4-тармақ алынып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Энергия аудиті қорытындысы негізгі үш бөліктен тұрады:
1) жүгінген тұлға (тапсырыс беруші), энергия-аудиторлық ұйым деректері, жасалған шарттың нөмірі және энергия аудиті объектісі (өндірістік қызметтің сипаттамасы және технологиялық процестің сипаттауы) көрсетілетін кіріспе бөлік;
2) энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша, өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстардың үлестік шығынын айқындау бойынша, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, ауамен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелері бойынша үйлер, құрылыстар және ғимараттар бойынша талдау келтірілген негізгі бөлік;
Демо – версия документа