«Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 255 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Президентінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 29 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 18-19, 93-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында:
мазмұнында:
«6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген тармақ алып тасталсын;
«1. Бағдарлама паспорты» деген бөлімде:
«Қаржыландыру көздері мен көлемі» мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржыландыру көздері мен көлемдері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен жалпы шығыстар:
2015 жылы - 770,1 млрд. теңге;
2016 жылы - 839,9 млрд. теңге;
2017 жылы - 2 млрд. АҚШ долларына дейінгі баламаны құрайды.
Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен қоса қаржыландырудың индикативтік көлемі шамамен 8,1 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру 254,2 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:
2015 жылы - 25,6 млрд. теңге;
2016 жылы - 71,8 млрд. теңге;
2017 жылы - 87,4 млрд. теңге;
2018 жылы - 49,1 млрд. теңге;
2019 жылы - 20,3 млрд. теңге.»;
«2. Кіріспе» деген бөлімде:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа