«Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 395 бұйрығы
«Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 395 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12351 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары:
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Мемлекеттік орман иеленушілер өрт қаупі бар маусым басталғанға дейін өрт қаупі бар маусымға дайындалуды жүзеге асырады.
Өрт қаупі бар маусымға дайындалу кезінде өрт сөндіру техникасына, жабдықтарға, мүкәммалға, көлік және байланыс құралдарына түгендеу жүргізіледі, олардың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерге сәйкестігі айқындалады.
Мемлекеттік орман иеленушілердің өрт қаупі бар маусымға дайындық дәрежесі осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Өрт қаупі бар маусымға дайындық туралы ақпаратты уәкілетті орган ведомствосы мемлекеттік орман иеленушілердің қарамағындағы ұйымдарға жібереді.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
Демо – версия документа