(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МҮГЕДЕКТІКТІ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЕҢБЕК ЕТУ ҚАБІЛЕТІНЕН АЙЫР...
Осы редакция 2019 жылғы 11 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
9-қосымша
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу
және/немесе қажетті әлеуметтік қорғаушараларын айқындау»
мемлекеттікқызметті көрсету регламенті
(2017.04.10. берілген өзгерістермен)
1. «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау рәсімін айқындайды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.04.10. № 328 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті беруші;
мүгедектікті растау туралы ақпарат алу бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа