«Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 285 бұйрығы
«Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 285 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 28 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Iшкi сауда қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;
2) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
3) арзандатылған тауар - кемшілігінің болуына не кемшілігінің жойылуына байланысты төмендетілген бағамен өткізілетін тауар;
4) асхана - тұтынушылар өзіне өзі қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру о бъектісі;
5) аутлет орталық - елеулі жеңілдіктермен (жиырмадан тоқсан пайызға дейін) бірыңғай тауар белгісімен немесе маркасымен айналымға шығарылған өнімдер шығарылымының алдыңғы маусымының азық-түлік емес тауарлар тобын (киім-кешек, аяқ киім, аксессуарлар және басқалар) сатуды жүзеге асыратын сауда объектісі;
6) әмбебап сауда базары - әртүрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда орындары бар сауда базары;
7) баға - тауар құнының ақшалай мәні;
8) бар - тұтынушыларға тіске басар, десерттер және кондитерлік бұйымдарды, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;
9) бөлшек сауда - сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
Демо – версия документа