«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 657 Қаулысы (күші жойылды)
«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 657 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 950 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) уәкілетті органның ұсынуы бойынша кеңестер мүшелерінің Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексін бұзуы;»;
Ереженің 16-тармағының екінші және төртінші бөлімдері мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңес мүшесі осы Ереженің бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 5-1), 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша кеңес құрамынан шығарылған жағдайда оның кандидатурасын жаңадан қалыптастырылатын келесі кеңестің құрамына енгізу үшін қайтадан ұсынуға болмайды.»;
«Осы Ереженің 16-тармағының 3), 4), 5), 5-1), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген, оның ішінде уәкілетті органның және салалық уәкілетті органдардың өтініштері бойынша мән-жайлардың туындауын мониторингтеуді сараптама орталығы жүзеге асырады.»;
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерін қарау;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа