(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫН ҚОЛДАНУД...
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығы
(2011.09.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 1 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес ақша айналымында қолма-қол ақшамен төлемдер жасалған кезде ақша белгілерін - тиындарды іс жүзінде қолданудың тоқтатылғанын ескере отырып, қаулы етемін:
1. Қолма-қол ақша белгілері - тиындар (бұдан әрі - тиындар) ақша айналымынан алынсын.
ҚР Президентінің 2011.09.11. № 170 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Редакция документа
Демо – версия документа