«Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 Нормативтік қаулысы
«Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 Нормативтік қаулысы
1. «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 4-тармақ:
төртінші абзацындағы «бөліміндегі», «бөлімі» деген сөздер тиісінше «бөлігіндегі», «бөлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Сот талқылауының шегі айыптау актісін жасау кезінде тұжырымдалып тағылған айыппен шектеледі. Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар айыптың мазмұнына енгізіледі (Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі - ҚПК) 299-бабы үшінші бөлігінің 4-тармағы). Сондықтан, сот айыптау актісінде көрсетілмеген, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың бар болуын үкімде белгілеп көрсетсе, ол КПК-нің 340-бабының талаптарына сәйкес сотталушының жағдайын ауырлатады және сот талқылуының шегін бұзу болып табылады. Сонымен қатар, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп танылатын мәселенің шешілуі айыппен шектелмейді және басты сот талқылауында анықталған істің нақты мән-жайларына негізделуі тиіс.»;
2) 5-тармақтағы «бөлімінде», «бөлімі» деген сөздер тиісінше «бөлігінде», «бөлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-тармақта:
мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:
«ҚК-нің 55-бабының екінші және үшінші бөліктері жазаны жеңілдететін дербес негіздер болып табылады және оларды бір уақытта қолдануға жол берілмейді. Жазаны тағайындау кезінде осы құқық нормаларының жарыспалылығы кезінде, ҚК-нің 55-бабының үшінші бөлігі қолданылады. Мұндай жағдайда ҚК-нің 55-бабы екінші бөлігінің қағидалары ескерілмейді.»;
бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтар тиісінше екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтар деп есептелсін;
Демо – версия документа