«Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 652 бұйрығы
«Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 652 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13004 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) учаскелік инспектор – бекітілген әкімшілік учаскедегі оған жүктелген міндеттерді орындайтын аумақтық ішкі істер органының (бұдан әрі – ІІО) өкілі.»;
22-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) тоқсанына кемінде бір рет халықпен есептік кездесулер өткізеді;».
мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
«3-тарау. Учаскелік полиция инспекторының халықпен есептік кездесулерін ұйымдастыру және өткізу тәртібі
25. Учаскелік полиция инспекторы халықпен есептік кездесулерді:
1) жергілікті қауымдастық алдындағы ашықтығын, жауапкершілігін және есептілігін арттыру;
2) азаматтардың полицияға деген сенім деңгейін арттыру;
3) азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасының, қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қылмысқа қарсы күрестің жағдайы туралы құқықтық сауаттандыру және ақпараттандыру;
4) қоғамдық бақылау жүйесін дамыту;
Демо – версия документа