«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 252 бұйрығы
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 252 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
4-тармақтың бесінші бөлігіне орыс тіліндегі нұсқаға өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі нұсқа өзгеріссіз қалдырылады;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Шет тілін (ағылшын) меңгергенін растайтын:
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), TOEFL Paper-based test (Пэйпа бейзид тест, TOEFL PBT (ТОЙФЛ ПИБИТИ)), International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС) халықаралық сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша ҰБТ-да «Шет тілі (ағылшын)» бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін тапсырудан босатылады.
SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи), A Level (Э-Левел), TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ), TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), TOEFL PBT (ТОЙФЛ ПИБИТИ), IELTS (АЙЛТС) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар Қағидаларға 2-1-қосымшаға балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және (немесе) жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады.»;
Демо – версия документа