«Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы
«Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20439 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленіп тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу тәртібін және шарттарын айқындайды.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ғылыми-жобалау құжаттамасы – тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарының көлемін және құрамын айқындайтын құжат, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи, сәулет-көркем келбетін сақтауды, жаңғыртуды, қайта жасауды қамтамасыз ету жөніндегі жобалық шешім;»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа