«Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 374 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 243 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 148 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 56 бірлескен бұйрығы
«Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 374 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 243 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 148 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 56 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 374 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 243 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33245 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
бірлескен бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру жинақтау салымдары мен білім беру жинақтау сақтандыру шарттары (бұдан әрі - сақтандыру шарты) бойынша республикалық бюджет (бұдан әрі - бюджет) қаражаты есебінен төленетін жыл сайынғы мемлекет сыйлықақыларының сомаларын айқындау, сондай-ақ білім беру жинақтау салымдары мен сақтандыру шарттары бойынша бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақыларының сомаларын айқындау үшін қолданылады.»;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа