«Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 194 Қаулысы
«Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 194 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4, 5 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдар, бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдар, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдары бойынша:
1) 5-қосымшаға сәйкес жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесі бекітілсін;
2) жергілікті атқарушы органдар 6-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекітсін;
3) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, акционерлік қоғамдарға 7-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесін бекіту ұсынылсын;
4) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, акционерлік қоғамдарға қажет болған жағдайда, экономикалық орындылық мақсатында 7-қосымшада көрсетілген заңды тұлғаларды сауда-саттық өткізбестен, қайта ұйымдастыру немесе тарату ұсынылсын.
5. Жергілікті атқарушы органдар:
Демо – версия документа