«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 9-1/320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 9-1/1099 бұйрығы (күші жойылды)
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 9-1/320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 9-1/1099 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 9-1/320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10763 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларында:
29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«29. Қаржы институты әкімшінің АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде субсидиялар сомаларын аударуы үшін арнайы жеке банктік шот ашады, ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қызмет 015618 көрсететін банкте арнайы шот ашады.
Әкімші қарыз алушы мен қаржы институты қол қойған міндеттемелерді қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру туралы шарт жасалған күннен бастап есептелетін субсидияларды қаржы институтына тиісті бюджеттік бағдарламада көзделген төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес алдыңғы тоқсанның соңғы айында арнайы банктік шотқа тоқсан сайын аванстық төлеммен аударуды жүзеге асырады. Бұл үшін әкімші оператордың өтінімі негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа