«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 40 бұйрығы (күші жойылды)
«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 40 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 36 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6174 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 маусымдағы № 249-250 (26648) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде:
34-тармақтың 14) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
«14) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің құрамында бар:
бөлім меңгерушісінің кабинеті;
дәрігерге дейінгі кабинет;
акушерлік қабылдау (қарау) кабинеті;
әлеуметтік қызметкер/психолог кабинеті;
салауатты өмір салты кабинеттері/диабет, демікпе, артериялық гипертензия, тууға дайындау, жас ана және басқа бейіндер бойынша мектептер;
денсаулық сақтау жастар орталығының кабинеттері;
білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттерді.»;
36-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
«36. Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің мамандары МСАК шеңберінде профилактикалық қызметтерді, білім беру ұйымдарының медициналық пункттерінде халыққа амбулаториялық деңгейде, үйге барып әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді, олар мыналарды қамтиды:
Документ утратил силу
Демо – версия документа