(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2015.02.06 № 358 ...
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 358 бұйрығы
(2015.24.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа