(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРҒА КУӘЛIКТЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН Р...
Осы редакция 2019 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.28.01. № 84 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
2-қосымша
«Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.27.12. № 940 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Дайын құжаттарды беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.27.12. № 940 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Ішкі істер министрінің 2017.30.10. № 724 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - 17 (он жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіде - 30 (отыз) минут;
Мемлекеттік корпорацияда - 15 (он бес) минут;
Редакция документа
Демо – версия документа