«Бағаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2023 жылғы 25 шілдедегі № 12 бұйрығы
«Бағаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2023 жылғы 25 шілдедегі № 12 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бағаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18065 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 39) тармақшасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаларды тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағаларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 39) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағидалар аумақтық статистика бөлімшелерінің бағалар туралы ақпаратты жинау процесін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған.»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қағидаларда «Мемлекеттік статистика туралы» Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар және мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа