(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.18.02 № 154 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 154 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан «Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын (бұдан әрі - қазыналық кәсіпорын) бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазыналық кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекеттік органдардың қызметтік ғимараттарын пайдалануды, оларға көліктік қызмет көрсетуді және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен;
Редакция документа
Демо – версия документа