«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 352 бұйрығы
«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 352 бұйрығы
1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:
138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«138. Мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариус БНАЖ-да немесе басқа мемлекеттік нотариаттық кеңселерден, нотариустардан немесе мұра ашылған жердегі аумақтық нотариаттық палатадан мұрагерлік істің және өсиеттің бар/жоқтығы туралы ақпараттық анықтаманы сұратады.
Мұрагерлікті қабылдағаны не қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті бірнеше нотариус қабылдаған жағдайда мұраға құқығы туралы куәлікті мұрагерлік істерді есепке алу кітабына немесе мұрагерлік істің тізіліміне сәйкес бірінші бастаған нотариус береді.»;
220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«220. Борышкерден ақша сомаларын өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін өндіріп алушы нотариусқа, олардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен тұрғылықты жерін, телефон нөмірлері мен электрондық почтасының мекенжайын (олар болған жағдайда) қамтитын атқарушылық жазба жасау туралы өтінішті (бұдан әрі-өтініш) ұсынады.
Талап қоюшы нотариусқа арыз береді.
Егер өндіріп алушы және/немесе борышкер заңды тұлға болса, өтініште заңды тұлғаның толық атауы, оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерінің мекенжайы, банк деректемелері көрсетіледі, сондай-ақ бірінші басшының немесе оның өкілінің өтінішті беру үшін қол қоюға өкілеттігі расталады.
Демо – версия документа