Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 4 наурыздағы № 102 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 4 наурыздағы № 102 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35143 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында:

39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Жұмыс тәжірибесінің тізілімін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы енгізетін осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде қалыптастырады.»;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша ағымдағы жылды қоса алғанда, соңғы 10 (он) жыл ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарында жұмыс өтілін растайтын мәліметтер мен құжаттарды Жұмыс тәжірибесі тізіліміне енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері келесі талаптар ескеріле отырып қаралады:

1) әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы қазынашылық органдарының деректері негізінде айқындалады. Бұл ретте, қазынашылық ақпараттық жүйесінде мәліметтер мен құжаттар болмаған жағдайда мұндай мәліметтер осы Қағидалардың 45-тармағында көзделген талаптарға сәйкес қаралады;

2) әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы «Расталған» мәртебесі бар бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде және (немесе) осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес айқындалады;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку