«Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 1023 бұйрығы
«Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 1023 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 10592 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.»;
1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-параграф. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу»;
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру»;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. 9-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
Демо – версия документа