«Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № ҚР ДСМ-38 бұйрығы
«Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № ҚР ДСМ-38 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21557 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 4 қарашада жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларында:
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Үміткерлерді медициналық қарап-тексеру осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген терапевтің, психобелсенді заттарды пайдалану тұрғысынан биологиялық ортаны зерттеуді қамтиды.»;
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші (медициналық ұйымдар) арқылы немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Демо – версия документа