Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 248-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 529-НҚ бұйрығы

«Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 248-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 529-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 248-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

«1-2) мүдделер қақтығысы - комиссия мүшесінің жеке мүдделілігі объективті шешім қабылдауға ықпал ете алатын ахуал;»;

7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) конкурс жариялаған мемлекеттік органның атауы және орналасқан жері;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әзірленген жоба тұжырымдамасы;

Жоба тұжырымдамасында мемлекеттік органдар әлеуетті стратегиялық әріптестерге жатқызу үшін мынадай талаптарды белгілейді:

Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өз мүшелері (қатысушылары) бар республикалық қоғамдық бірлестік немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі болып табылу;

әлеуетті стратегиялық әріптестің жарғылық мақсаттарының стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың мақсаттарына сәйкестігі;

тиісті салалардағы қызмет бағыты бойынша жобаларды іске асыруда кемінде 2 (екі) жыл тәжірибесінің болуы;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку