Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 335-VI Конституциялық заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат; № 22-III, 150-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат; 2018 ж., № 12, 38-құжат; № 24, 92-құжат; 2019 ж., № 24-І, 117-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) 89-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.»;

2) 104-баптың 4-тармағы «жол беріледі» деген сөздерден кейін «, онда әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

        Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 25 мамыр

             № 335-VI

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку