(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӨЛІК ҚҰРАЛЫНЫҢ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІ БОЙЫНША КӨЛІК ...
Осы редакция 2019 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.26.01. № 75 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 473 бұйрығына
1-қосымша
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.20.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.06. № 460 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке тұлғаларға және Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.06. № 460 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының аумақтық тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі - ТЕБ);
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі ‒ Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.06. № 460 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Редакция документа
Демо – версия документа