(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.04.02 № 75 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 ақпандағы № 75 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысының шегінде орналасқан жалпы ұзындығы 5,5 км М-38 «РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай (ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей қалалары арқылы» автомобиль жолының учаскесі республикалық меншіктен Павлодар облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа