«Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 179 бұйрығы
«Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 179 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20463 болып тіркелген, 2020 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестендіру карталарының сипаттамасы, оларды беру мен пайдалану қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сәйкестендіру картасының беткі жағында:
1) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес қою көк реңде жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, одан төмен көк түсте жасалған қазақ тілдегі мемлекеттік органның атауы;
2) ортасында қазақ тілде қою көк түспен қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және атқаратын лауазымы орналасқан;
Демо – версия документа