«Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 164-н/қ бұйрығы
«Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 164-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10849 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру тәртібі»;
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«16. Магистральдық құбырларды күзету кезінде қорғау, патрульдеу тәсілдерімен, техникалық құралдарды пайдалану арқылы объектілерді күзету кезінде күзет күштерінің мынадай нормативтері белгіленеді:
1) күзету тәсілімен объектілерді күзету кезінде:
Демо – версия документа