(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ МІНДЕТІН А...
Осы редакция 2016 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 619 бұйрығына 7-қосымша
«Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметке өтiнiштер мен мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижелерiн беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы (бұдан әрi - ХҚКО);
«электронды үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификаты).
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Редакция документа
Демо – версия документа