Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 565 Қаулысы

«Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 565 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны;»;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері:

1) жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшін заңнамада белгіленген кепiлдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттерi шегiнде әкiмдер аппараттары мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының штаттық кестелерiн бекiтсiн;

2) осы қаулыға 2-қосымшада белгіленген штат санының лимиттерiн сақтай отырып, жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс істейтін қызметкерлер үшiн заңнамада белгіленген кепілдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттері шегiнде айқындалған әкімдер аппараттары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының және қалалардағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерiн бекiтсiн және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарына жеткiзсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку