«Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 601 Қаулысы (күші жойылды)
«Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 601 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 7, 28-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларында:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) индустрияландыру картасы республика деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді;
3) өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасы өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өңірлік үйлестіру кеңесі - облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері жалпы санының кемінде 50%-ін бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - кеңес);»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) уәкілетті орган - индустриялық даму саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа