Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 647 Қаулысы

«Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 647 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы қаулы үкіметтік сыртқы қарыздардың және республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды қоса қаржыландырудың қаражатынан қаржыландыру болжанатын жобаларға қолданылмайды.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Үлгі жобалар, үлгілік жобалық шешімдер, қайта қолданылатын жобалар бойынша объектілерді және техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салуды көздейтін жобалар.»;

2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«25) жобалық қуаты 50 орынға дейінгі мүгедектігі бар балаларға және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығын салу;»;

мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

«7. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша іске асырылатын жобалар.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку