Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 669 Қаулысы (күші жойылды)

 «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 669 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уəкілетті орган болып табылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 14-үй.»;

16-тармақта:

орталық аппараттың функцияларында:

2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлеуді үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады;»;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады;»;

11-8) тармақша алып тасталсын;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) халықаралық әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;»;

мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

«13-1) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;»;

22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку