(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ СОТ ПРАКТИКАСЫ ТУРАЛЫ» ...
Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Салық заңнамасының жекелеген нормаларын түсіндіру қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 2-бабының 1-тармағына сәйкес салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі - Конституция) негізделеді, ол Салық кодексінен және қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Мұндай нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары, мемлекеттік кірістер органдары жүйесіндегі уәкілетті орган басшысының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің консулдық алымдардың нақты мөлшерлемелеріні белгілеу туралы нормативтік құқықтық бұйрықтары (Салық кодексінің 552-бабының 2-тармағы) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілетті органдарының жекелеген салық мөлшерлемерін және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу туралы нормативтік құқықтық шешімдері жатады.
Салық кодексінің 9-бабына сәйкес салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Редакция документа
Демо – версия документа