«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 764 бұйрығы
«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 764 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Тiркеу іс-қимылдарын жасау үшін көлік құралдарының иелерi:
1) жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) растайтын құжаттар:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі – Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген баждар мен алымдарды төлеуді.
Бастапқы тіркеу үшін алымдар төлеуден Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және/немесе оның өкілдіктері, консулдық мекемелер, Қазақстан Республикасында аккредиттелген, 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена конвенциясына және 1963 жылғы «Консулдық қатынастар туралы» Вена конвенциясына сәйкес артықшылары мен иммунитеттері бар қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері босатылады»;
Демо – версия документа