Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 56 Қаулысы (күші жойылды)

 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 56 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

бірінші бөлікте:

28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«28) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын әзiрлеу және бекiту;»;

35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«35) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қолжетімділікті ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:

«35-1) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«36) театр, музыкалық және концерттік қызмет, цирк өнері, кітапхана ісі, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн, әдебиет және кітап басып шығару жөнінде салалық көркемдік кеңестер құру және олар туралы ережелерді бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:

«36-1) өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 181-1) тармақшамен толықтырылсын:

«181-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;»;

182) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку