«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 583 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 652 бірлескен бұйрығы
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 583 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 652 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33159 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларында:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2). Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан кеткен кезде»;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеткен кезде;»;
6), 7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
9) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларды қайтадан және кейіннен тіркеу кезінде бұрын қалыптасқан жеке сәйкестендіру нөмірімен құжат беріледі.»;
6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа