(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕХАНИКАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ...
Осы редакция 2019 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 862 бұйрығына 2-қосымша
Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау
қағидалары
(2018.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.04. № 310 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында (бұдан әрі — оқу ұйымдары) механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді (бұдан әрі — жүргізушілер) даярлау тәртібін айқындайды.
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2017.26.09. № 646 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) алғашқы көмек - зардап шегушілер білікті медициналық көмек алу мүмкіндігіне дейін адамдардың орындауы үшін қолжетімді көмектің іс-шаралар кешені;
2) контент - оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, графикалар мультимедиалар және өзге де маңызды толықтыру) толықтыру;
3) тестілеу кешені - интернет-ресурс арқылы қолжетімділігі бар білім беру процесінің барлық деңгейінде білім алушылардың оқу материалын меңгеру дәрежесін анықтауға арналған технология;
4) аралас оқыту - дәстүрлі күндізгі оқыту нысанында және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жүргізілетін оқыту технологиясы;
5) тьютор ‒ білім алушыларға зерделенетін пәнді меңгеруге көмектесетін тұлға;
6) қашықтықтан білім беру технологияларын іске асыратын оқу ұйымдарының интернет-ресурсы - білім беру процесінің қатысушылары үшін әкімшілік-академиялық ақпаратты қамтитын интернет-ресурс;
7) «on-line» - нақты уақытта ақпаратпен алмасу;
8) «off-line» - еркін уақыт кеңістігінде ақпаратпен алмасу;
Редакция документа
Демо – версия документа